"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1 города Щучинска отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауының қорытындысы бойынша

19.12.2025

Сабитова Светлана Геннадьевнаны құттықтаймыз!

«Ақмола облысы білім басқармасы Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Светлана Геннадьевна Сабитованы республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында жүлделі ІІІ орын алуымен шын жүректен құттықтаймыз!

2025 жылғы 4–5 желтоқсан аралығында Алматы қаласында республиканың түкпір-түкпірінен жиналған ең үздік педагогтардың басын қосқан «Үздік авторлық бағдарлама» байқауы өтті. Бәсеке өте жоғары болды: қатысушылар өздерінің авторлық жобаларын, әдістемелік жаңалықтары мен оқытудағы инновациялық тәсілдерін паш етті. Осынау мықтылардың арасында біздің Светлана Геннадьевна өз бағдарламасын жоғары кәсіби деңгейде қорғап шығып, дене шынықтыру мұғалімдері арасында үздік үштікке енді.

Оның «Мектептегі фиткросс» атты авторлық бағдарламасы өзінің заманауилығымен, серпінділігімен және нәтижеге бағытталғандығымен қазылар алқасының ерекше назарын аударды. «Фиткросс» оқушылардың физикалық қасиеттерін дамытып қана қоймай, оларда қозғалыс мәдениетін, өз күшіне деген сенімділікті және белсенді өмір салтына деген сүйіспеншілікті қалыптастырады. Бұл бағдарлама — инновациялардың балаларды қалай шабыттандыратынының және дене шынықтыру сабақтарына деген көзқарасты қалай өзгертетінінің жарқын үлгісі.

Бұл жетістік — тынымсыз еңбектің, тұрақты кәсіби ізденістің және өз ісіне деген шексіз махаббаттың жемісі. Светлана Геннадьевна, біз сізді мақтан тұтамыз, сіздің еңбегіңізге тәнтіміз және жеңіске жетеріңізге басынан-ақ сендік!

ҒМЖ жөніндегі директордың орынбасары Б.Н. Абдульманова 

Просмотров: 2431


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст