№1 мектеп-гимназиясында өткізілген «Халықаралық ана тілі» күніне арналған іс-шара жайлы ақпарат
№1 мектеп-гимназиясында 21 ақпан күні «Халықаралық ана тілі» күні салтанатты жиынмен ашылды.Салтанатты жиын 1,2 ауысымда өткізілді. Жиынға 805 оқушы қатысты. Мектеп директоры Тюкачева Л.В құттықтау сөз сөйлеп,ана тілінің маңызы туралы айтты.
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Буланова Қ.Т,Қазақ тілі мұғалімдері әдістеме бірлестігінің жетекшісі Жармухамбетова Э.М. ана тілі туралы толық мәлімет беріп,ана тілін құрметтеу,қазақ тілін меңгеру жайлы насихат жүргізіп,басқа ұлт балаларын тілді сыйлауға,толық меңгеру керектігі жайлы сөз қозғады.
Салтанатты жиында ән айтылып,өлең оқылды.
22 ақпан күні мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.Бұл сайысқа басқа ұлт өкілдерінен 10 оқушы қатысты.Олар Қазақстан жазушыларының өлеңдерінен, прозадан үзінді оқыды. Жеңімпаздар: 7б сынып оқушысы Серженко К, және 5а сынып оқушысыПаламец М. 1-4 сыныптар арасында «Ана тілім-анам тілі» атты суреттер сайысы жүргізіліп жатыр.