21.09.2023 жылы «Ашық есік күні » «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Щучинск қ. №1 мектеп – гимназиясы » КММ – нің 7 сынып оқушылары кәсіби бағдар беру және балаларды бос уақытымен жұмыспен қамту мақсатында Балалар өнер мектебіне барды. Балалар өнер мектебінің әдіскері балаларды өнер мектебіне түсу ережелері мен талаптарымен таныстырды. Мектеп педагогтары қандай критерийлер бойынша және қай жастан бастап балаларды балалар өнер мектебінің бір немесе басқа бөлімшесіне қабылданатынын хабардар етті. Балалар баплалар өнер мектебінің шығармашылық ұжымдары осы күнге арнайы дайындаған концерттің көрермендері болды. Музыкалық аспаптарға экскурсияның бір түрі болды. Спектакль барысында көрермендер прима-домбыраның қалай дыбысталғанын естіді, ал жас баянистің орындауы, фортепианода, гитарада ойнау ешкімді бей-жай қалдырмады. Балалар көркемсурет бөлімі оқушыларының дипломдық жұмыстарын көріп, жас суретшілердің шеберлігі мен талантына тәнті болды. Кейбір қонақтар Балалар өнер мектебінде қосымша білім алуға ниет білдірді.