"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1 города Щучинска отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектептегі қауіпсіздік үнемі бақылауда

29.01.2026

    Білім беру мекемесінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Техникалық инспектор ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі, инженерлік желілердің, оқу және шаруашылық жабдықтардың жарамдылығы, сондай-ақ өрт және электр қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелерін тұрақты негізде қарайды.

    Жұмыс барысында оқу кабинеттерін, дәліздерді, спорттық және қосалқы үй-жайларды тұрақты тексеру жүргізіледі, эвакуациялық шығу жолдары мен қозғалыс жолдарының жай-күйі бақыланады. Еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтардың, есепке алу журналдарының және алғашқы өрт қауіпсіздігі құралдарының болуы мен өзектілігін тексеру жүзеге асырылады.

   Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қызметкерлермен нұсқама жүргізіледі, анықталған бұзушылықтар уақтылы жойылады. Мұндай жүйелі жұмыс мектептің күнделікті өмірінің маңызды бөлігі болып табылатын қауіпсіз еңбек және оқу жағдайларын сақтауға мүмкіндік береді.

Просмотров: 1441


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст