«Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы » КММ-нің «Болашаққа қадам» дебат клубы біздің мектеп-гимназияда бірінші жыл емес. Клуб мүшелері 8-11 сынып оқушылары. Клуб мүшелері «Арман» МТОТЖО жанындағы дебаттық қозғалысқа белсенді қатысады , онда клуб сабақтарында алған білімдері мен дағдыларын қолданады. Пікірсайысшылар риторика дағдыларын, көпшілік алдында сөйлеу кезінде өзін ұстай білуді, ақпаратпен жұмыс істеу бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырды.
2020 жылдың 9 қарашасында «Болашаққа қадам» клубының жетекшісі және оның қатысушылары «Пікірталас пен дебаттар білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту құралы ретінде» атты аудандық семинарға белсенді қатысты.
2020 жылдың 20 қарашасында біздің балалар Султыгова Жасмин және Турсынов Данияр, 11 "А" сынып оқушылары еліміздің Тұңғыш Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 45 қашықтықтан аудандық дебат турнирінің күміс жүлдегерлері атанды.
Жасмин Сұлтанова «Турнирдің үздік спикері» атағын алды.
Клуб жұмысы бір орында тұрмайды: біз мектеп-гимназия сыныптарының командалары арасында интернет-платформалар базасында байқау пікірсайыстарын өткіземіз.
Өскелең ұрпақ үшін шынайы көшбасшыларды тәрбиелеуге, білім алу қажеттілігін қалыптастыруға, адамзатты толғандыратын мәселелерді зерттеуге, дұрыс шешім қабылдауға, бақылау мен өзін-өзі бақылауға және жүктелген іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге тырысамыз.
Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары В.С.Винокурова