"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1 города Щучинска отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Работа бракеражной комиссии (09.04.2026)

09.04.2026 ж. «Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы» КММ-де мектеп асханасында тағам дайындау сапасын бақылау, тағам дайындау технологиясының сақталуын және санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын тексеру мақсатында бракеражды комиссия құрамында: комиссия төрайымы, директордың міндетін атқарушы Жандыбаева Н.С., қамқоршылық кеңесінің мүшелері Зюрик С.В., Шмидт О.В., Захаренко Н.Д., ата-аналар комитетінің мүшесі Кардаш Ж.Д., кәсіподақ төрағасы Помалюк Д.О., әлеуметтік педагог Байкенова А.Т. қатысуымен тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында дайын тағамдардың сапасы, тәуліктік сынамалардың болуы, жеткізілген шикі өнімдердің сапасына органолептикалық бағалау, дайын өнімдердің сапасы, өнімдерге берілген сертификаттар, асхана қызметкерлерінің сыртқы келбеті қаралды. Сонымен қатар, тағам дайындау технологиясы, тоңазытқыш және технологиялық жабдықтардың жағдайы, өнімдер мен дайын тағамдарды сақтау мерзімдері мен шарттарының сақталуы бақылауға алынды.
Тексеру қорытындысы бойынша акт жасалды. Бракераждық комиссия тарапынан ескертулер жоқ.


Текст