2020-2021 оқу жылының бірінші жалпы республикалық ата-аналар жиналысы

21.08.2020

 2020 жылдың 20 тамыз күні  біздің мектепте ата - аналарды жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқу ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында бірыңғай ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысты өткізу форматы қашықтан болды, ол ZOOM платформасында өтті.

Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер: жаңа оқу жылындағы оқыту форматтары.

Қашықтықтан оқыту: мінез-құлық ережелері және баланың жұмыс орны.

Қашықтықтан оқыту жүргізілетін білім беру интернет-платформасымен танысу

Жаңа оқу жылындағы білім алушыларды бағалау жүйесі.

Балалардың оқу және демалыс режимі.

Баланы өз бетінше оқуға қалай ынталандыруға болады?

Ата-аналар балаларға интернетте қауіпсіз жұмыс істеуге үйрететін ережелер.

Интернеттегі балалардың ата-аналық бақылау ережелерімен танысу.

Ата-аналар мен балалар қарым-қатынасының психологиясы .

Жиналыс барысында ата-аналар өздерінің сынып жетекшілерінен толық ақпарат алған сұрақтар қойды.



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу