"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1 города Щучинска отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Батыр – елдің сәулеті»

2019 жылдың 16-шы сәуірінде Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясында Бурабай ауданының ҰОС ардагерлерінің қатысуымен әскери-патриоттық тақырып шеңберінде «Ер есімі – ел есінде» атты дөңгелек үстелі өтті.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларды патриоттық сезімге баулу, бойларына ұлттық рухты қалыптастыру, ҰОС ардагерлеріне деген тағзым жасау.
Дөңгелек үстел өту барысындасоғыс жылдарындағыардагерлеріміз бастан кешкен оқиғалары, күні  бүгінге аман–есен жеткендері жайлы, өздерінің елге ерен еңбектері менжетістіктерін еске алып ақтарыла сыр шетті.  Қалың аудитория назарына оқушыларымыз әннен шашу шашып, соғыс кезіндегі болып өткен оқиғалардан түрлі сахналық қойылымдар көрсетті.
Дөңгелек үстелге арнайы шақыртылған қонақтар өздерінің ыстық лебіздерін білдіріп, кеңінен тарих толқындарымен ой бөлісті. Бұл аталмыш шараға «2а», «8а», «11а», «11б» сынып оқушылары белсене қатысса, ал сынып жетекшілері: Л.АСидельникова, А.М Хасенова, С.С Байдусенова және И.У Ашимова үлкен жауапкершілік танытты.
Кешіміз ойдағыдай өтіп, оқушыларымыз ардагерлерге ерекше құрмет көрсетті. Ержүрек батырларымыздың ерліктеріне тәнті болып, тарих сырын кеңінен ашып бергендеріне, бөліскен жылы сұхбат пен ақыл-кеңестеріне өз ризашылықтарын айта кетті.

Салықова Гүлдана, мектеп кітапханашысы. 

 




 
Жаңартылған күні: 19.04.2019 16:10
Құрылған күні: 19.04.2019 16:20

Текст