Тілдер апталығы

11.09.2026

Мектебімізде “Тілдер апталығы” аясында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру мақсатында мазмұнды да мағыналы іс-шаралар ұйымдастырылды. Апталық барысында оқушылар өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін ортаға салып, тіл әлеміне саяхат жасады. Танымдық викториналар, қызықты сұрақтар, өлеңдер мен сөз өнері арқылы оқушылар қазақ тілінің байлығы мен көркемдігін таныта білді.
Ұлттық салт-дәстүріміз бен мәдениетіміз дәріптеліп, ана тіліміздің қадірі мен қасиеті кеңінен насихатталды. Әрбір шарада оқушылардың белсенділігі, ізденісі, тапқырлығы мен шығармашылығы көрініс тапты. Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, елін, жерін, тілін құрметтейтін патриот азамат болып қалыптасуына ықпал етеді. Ана тілі - атадан балаға жеткен асыл мұра, бабалар аманаты.

https://www.instagram.com/p/DdGbxcOOFMP/?hl=ru



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу