Текст
27.02.2026
26.02.2026 жылы №1 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен орыс тілі апталығы аясында «Үзілістегі сұхбат» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың коммуникативтік, зерттеушілік және сыни ойлау құзыреттіліктерін дамыту.
Үзіліс кезінде ұйымдастырылған еркін сұхбат алаңында білім алушылар қазақ тілінде сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын дәлелді жеткізуге дағдыланды. Іс-шара оқушылардың тілдік белсенділігін арттырып, өз ойларын еркін және сенімді түрде білдіру дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.
Жауапты ұстаздар: қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері
Помалюк Д.О. және Атынтаева А.Ж.

