"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №1 города Щучинска отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Щучинск қаласының №1 мектеп – гимназиясы" КММ-де "Қамқоршы күніне" орай 28.10.2021 жылы өткізілген іс-шара туралы ақпарат

29.10.2021

   Жыл сайын Қазақстан Республикасы бойынша 29 қазанда "Қамқоршы күніне"орай салтанатты іс-шаралар өткізіледі. Қамқоршы күнін мерекелеу әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға айтарлықтай үлес қосады және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға нағыз сүйетін отбасын табуға мүмкіндік береді.
    28 қазан күні "№1 мектеп – гимназия" КММ-де жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамқорлыққа алған адамдар үшін "Жүректен жүрекке" мерекесі өткізілді. 
   Аталған іс-шараның мақсаты-баланы тәрбиелеуге алған отбасыларға алғыс білдіру, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға немқұрайлы қарамайтын адамдарды көтермелеу, балаларды орналастырудың баламалы нысандарын насихаттау. Іс-шараға 6 қамқоршы шақырылды. Қамқоршылар үшін "Жүректен жүрекке"атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. "№1 мектеп-гимназия" КММ директоры           Л.В. Тюкачева қамқоршыларды мерекемен құттықтап, барлық педагогикалық ұжымның атынан қамқоршылар А.Д. Кожахметоваға, Т. Г. Семеноваға,           Н.Т.Ненаустниковаға, Л.А.Удодиковаға,Е.К.Башаркевичке, М.Д. Ермолинаға үлкен алғыс білдірді, оларды грамоталармен марапаттады, өз қамқорлығындағы адамдарға жақсы тәрбие бергені және қамқорлық көрсеткені үшін естелік сыйлықтар табыс етті. Біздің мектептің психологы Боргуль Е.В. "Жүректен жүрекке" тренингін өткізді, онда қамқоршылар өз қамқоршылары туралы айтып, өз әсерлерімен бөлісті, балалар өміріндегі қызықты оқиғаларды еске алды. Жоғары сынып оқушылары Кеңесінің және "Достық" балалар ұйымының атынан қонақтарды Мектеп Ұланбасы, жоғары сынып оқушылары кеңесінің төрағасы, 9-сынып оқушысы Қайыргелді Дильназ және "Достық" балалар ұйымының көшбасшысы, 9-сынып оқушысы Товмасян Роман құттықтады. Мектептің педагогикалық ұжымы мен оқушылардың күшімен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Домбыра үні, әсерлі әндер мен билер, лирикалық өлеңдер ешкімді бей-жай қалдырмады.
Қамқоршылардың көзіне жас алып, қамқоршылыққа алынған балалардың аузынан шыққан жылы құттықтаулар мен алғыс сөздер айтылды. Жылы кездесу және қамқорлықтағы балаларды тәрбиелеуде мектептің қолдан келген көмегі үшін алғыс сөздерімен қамқорлықтағы екі баланың әжесі          Т. Г.Семенова сөз сөйледі.  Мерекелік концерт дәстүр бойынша  жылы көңіл-күймен сөйлесе отырып шай ішумен аяқталды Мереке қонақтары өте риза болып, мектеп тарапынан көрсетілген жылу мен көңіл үшін үлкен алғыстарын білдірді.
     Мерекелік іс-шараны ұйымдастыруға белсене қатысқандарға ерекше алғыс айтқым келеді. №1 МГ директоры Тюкачева Л. В., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдулманова Б. Н., Винокурова В. С., аға тәлімгер Оразалина Б. Т., Мектеп Ұланбасы, жоғары сынып оқушылары кеңесінің төрайымы, 9-сынып оқушысы Қайыргелді Дильназ және "Достық" балалар ұйымының көшбасшысы 9-сынып оқушысы Товмасян Роман, 5-А -сынып оқушылары Кудеринова А., Стерлигова Ж., Серикова Я., 6-Асынып оқушылары :Яковлева Д., Несмеянова С., Лысков А., Серкебаева С.; музыка мұғалімі  В.В.Седайкинаның жетекшілігімен 6-Б және 6-В сынып қыздарының би тобына., Галеева Д. 10-А сынып оқушысы, Алданазарова М. 8-А сынып оқушысы,   тарих мұғалімі  А.С.Жакуповаға.

 Орындаған: әлеуметтік педагог А.Т.Байкенова

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 31.10.2021 19:11
Құрылған күні: 01.11.2021 14:34

Текст